Спорт

Олимптен құладық: Спорт министрі болуға кім лайықты?

Abai.kz

11.08.2021

«Токио-2020» олимпиадасы аяқталды. Бұл олимпиада біз үшін де, әлем үшін де ерекше болды. Пандемия салдарынан араға 1 жыл уақыт салып спорттың дүбірлі сайысы дүркіреп өтті. Олимпиаданың бір ерекшелігі осы жолы Ресей тусыз һәм әнұрансыз өнер көрсетті. Өйткені бұған дейін Мәскеу спорт тұрғысынан ережелерді өрескел бұзып, допинг қолдануды тоқтатпаған еді. Қазақстан құрамасы үшін бұл олимпиада ең сәтсіз болды деуге толық негіз бар. Біздің құрамамыз 8 қоланы қоржыға салып, 83-орынды иемдендік. Жаздық олимпиада ішіндегі ең сәтсізі осы болды.

Жазғы олимпиада ойындарындағы көрсеткішіміз былай болған еді:

Атланта Олимпиадасы — 24-орын (3 алтын, 4 күміс, 4 қола)

Сидней Олимпиадасы — 22-орын (3 алтын, 4 күміс)

Афина Олимпиадасы — 40-орын (1алтын, 4 күміс, 3 қола)

Бейжің Олимпиадасы — 29-орын (2 алтын, 4 күміс, 7 қола)

Лондон Олимпиадасы — 24-орын (3 алтын, 1 күміс, 6 қола)

Рио Олимпиадасы — 22-орын (3 алтын, 5 күміс, 10 қола)

Токио Олимпиадасы — 83-орын (8 қола)

Осылайша Қазақстан құрамасы алтынсыз, күміссіз қалған алғашқы олимпиада осы болып отыр. Орталық Азия елдері ішінде де көш соңында қалдық. Бұған дейін Қазақстан аймақ бойынша біріншілікті берген емес. Токиода Қазақстан 83-орын, Өзбекстан 32-орын, Түркіменстан 77-орын, Қырғызстан 70-орын иемденді. Тәжік спортшылары жүлде алмады. Осылайша аймақтағы бес елдің ішінде біз төртінші орынды қанағат тұттық.

Кез келген сәтсіздікке жауап беретін жандар болады. Соғыста сарбаз қырылып, ұрыс жеңіліспен аяқталса оған қолбасшылар мен қорғаныс министрі жауап беруі тиіс. Пандемияда денсаулық сақтау министрі, мал қырылса ауыл шаруашылық министрі себебін түсіндіріп беруі қажет. Ал спорттағы сәтсіздікке әрине жаттықтырушылармен қатар, спорт министрі де жауап беруі логикаға сай болмақ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бұл сәтсіздікке қатысты әлі жауап бермеді. Ақталу да болмады. Көпшілік Ақтоты Райымқұлова өз орнынан кетуі тиіс деп есептейді. Қоғам қайраткерлі де дәл сондай пікірді айтып жатыр. Ал желідегі ел пікірі олимпиаданы "өлімпиада" деп атаумен жалғасын табуда.

Көпшілік "мәдениет пен спорт екі бөлек сала, сондықтан оны бөлу қажет", деген ойда. Спортты спорттың жілігін шағып, майын ішкен майталмандар ұстасын, жаттығу залының иісін білетін спортшылар тізгіндесін дейді. Әрине, әділетті пікір. Егер Ақтоты Райымқұлова орнынан кетсе, спорт саласын ұстауға кімдер лайықты? Қоғамның пікіріне қарап, "кандидаттарды" жинақтап көрдік.

Дәулет Тұрлыханов аталмыш орынға лайықты дегендер саны жетерлік. Ол грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы кеңес одағының палуаны. КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Олимпиаданың күміс жүлдегер. Спорт саласында тәжірибесі мол тұлға. Туризм және спорт агенттігінің төрағасы қызметін атқарған.

Ел арасында есімі соңғы уақытта жиі айтылып жүрген Ермахан Ибраимовты да спорт саласының биігінен көргісі келетіндер бар. Бүгінде маслихат депутаты болып отырған ол, екі олимпиаданың жүлдесін қанжығасына байлаған білікті спортшы. "Бокстан қола және алтын жүлде иемденген Ермахан, қазіргі бокс саласындағы былықты реттей алатын жалғыз тұлға" дейді желі қолданушылары.

Серік Жұманғалиұлы Сәпиевті де спорт тізгінін ұстаса дейтіндер көп екен. Серік Сәпиев боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы. Ол Astana Arlans командасының бас директоры қызметін де атқарған.

Серік Қонақбаевты бұл орынға лайық дейтіндер де жетерлік. Серік боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979, 1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы. Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010-2014), Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты (1999 - 2011) қызметін атқарған тұлға.

Мәдениет және спорт министрлігі бөлінсе, жоғарыда аталған тұлғалардан басқа кімдерді "спорт министрі" болуға лайықты деп санайсыз?

Асхат Қасенғали

Abai.kz


Abai.kz

Публикации автора

Олимптен құладық: Спорт министрі болуға кім лайықты?

Триллион теңге: Ақталмайтын жоба

Әлиханның жаңа фотосы табылды

Топ-тема

Другие темы

ОБЩЕСТВО | 16.04.2024

«Киелі мекен» акциясына алакөлдіктер де атсалысуда

ГЕОПОЛИТИКА | 16.04.2024

Возрождение Антанты и военной силы Японии

ПОЛИТИКА | 15.04.2024

Уроки паводков

ИНТЕРВЬЮ | 12.04.2024

И нужен нам берег турецкий!

АНАЛИТИКА | 12.04.2024

В этот день. О полетах и не только

ОБЩЕСТВО | 11.04.2024

Жетісай ауданында экоакция аясында 300 түп ағаш әктелді