общество

Триллион теңге: Ақталмайтын жоба

Abai.kz

28.04.2021

Елімізде млрдтаған доллар тұратын туристік кешеннің құрылысы басталмақ. Оған 1 трлн теңге қаржы жұмсалады. Нысан Нұр-Сұлтан қаласының орталығында салынбақ. Туристік кешеннің көлемі 2,6 млн шаршы метр аумақты алып жатпақ. Құрылыс 333 гектар аумақта жүргізіліп, кешеннің алғашқы бөлігін қолданысқа 2022 жылы беру жоспарланып отыр екен.

Туристік кешен "Барыс аренаның" батыс бетінде орналасқан. Жобаның инвесторлары БАӘ-нің Ellington Properties Development LLC компаниясы, ал бас мердігер Renaissance Construction компаниясы.

Туристік кешеннің ішінде аумағы 15 мың шаршы метр болатын аквапарк, ойын алаңдары, офистер мен қонақ үйлер орналаспақ. Кешенді салуға уақытша негізде 21,3 мың жұмыс орны, ал тұрақты негізде 2 мың жұмыс орны ашылады.

1 трлн теңге дегеніміз қазіргі доллар бағамымен есептесек 2.3 млрд доллар деген сөз. Алайда туристік кешен осынша қаржыны қанша уақытта ақтайды? Бұл бойынша нақты жоспарлар бар ма? Мысалы ЭКСПО кешенінің құрылысына 2,1 млрд доллар қаржы жұмсалды. Ол кездегі доллар бағамының өлшемімен бұл 565 млрд теңгені құраған болатын. Алайда жоба өзін ақтамады. Жоба аяқталғаннан кейін арнайы брифинг барысында "шетелден 2 млн турист келді" деген сандар айтылды. Дегенмен бұл көрсеткіш шындыққа сай келмейді. Нұр-Сұлтан қаласы халқының өзі 1 млн тұрғын, ал қонақ үйлер бір мезетте ондай көлемдегі туристі қабылдай алмайды. Оны тәуелсіз сарапшылар әуежайдағы жолаушы тасымалдау санынан да байқаған. Туристердің келгені рас, бірақ миллиондап емес.

ЭКСПО млрдтаған долларды ақтамаса да, артынша LRT құрылысы басталды. Құрылысқа 1.5 млрд доллар бөлінді, оның басым бөлігі Қытайлық банктерден алынған қарыз болатын. Дей-тұра LRT құрылысы аяқталмай, қаржы жымқыру кесірінен жоба тоқтап қалды. Қазір сот процесстері жүруде.

Қазақстан осы қателіктерден сабақ алмағанының бір көрінісі аталмыш туристік кешенге қыруар қаржыны бөлуден-ақ көруге болады. Инвесторлар қалайша ақталмайтын жобаға осынша қаржыны жұмсауда? Ақылға сыймайды.

Әлем елдерінде дағдарыс. Коронавирус туристік салаға соққы жасады. Саяхатшылар вирустың салдарынан басқа елге барып, саяхат жасау мүмкіндігінен айырылды. Пандемияның қашан аяқталары белгісіз. Вирустың жаңа штаммдары әлем елдерін әбігерге салып жатыр. Экономика құлдырап, әлем елдерінде ІЖӨ көрсеткіші түсіп кетті. Бұл жүздеген миллион адамның жұмыссыз қалуына әсер етуде. Қазақстанда да бұл үрдіс байқалуда. Бюджеттің әр тиыны маңызға ие кезеңде тұрмыз. Қаржыны нақты экономикаға өсім беретін салаға салу әлдеқайда тиімді болар еді. Тіпті инвесторлар үшін де.


Abai.kz

Публикации автора

Олимптен құладық: Спорт министрі болуға кім лайықты?

Триллион теңге: Ақталмайтын жоба

Әлиханның жаңа фотосы табылды

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

Цифровой коридор построят Азербайджан, Грузия и Казахстан

НОВОСТИ | 21.11.2024

Инфляция ускорилась до 8,5% — Нацбанк РК

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте