Интервью

Максим Рожин: «Референдумда қабылданған ең басты, ең қымбат бастамалардың бірі – жердің және жер қойнауының иесі халық деген бап»

Редакция

13.03.2023

Бүгінде еліміздің ішкі және сыртқы саяси жағдайы қандай? Оған соңғы реформалар қалай әсер етті? Жердің иесі халық болса, сол халық одан қандай пайда табады? Бұл сауалдарға қатысты қоғам белсендісі Максим Рожин өз ойын білдірді.

- Соңғы күндері орын алған оқиғаларды есепке алсақ, Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты ойыңыз қандай?

Жақында ғана біздің елге маңызды сапармен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келді. Өзім бұл кездесу уақытында жолда болсам да шаралар жайлы әлеуметтік желілер, телеарналардан көрдім. Кездесулердің барысын қарадым. Бұл біз үшін жақсы нәрсе. Кез-келген әлем деңгейіндегі, халықаралық деңгейдегі қарым-қатытастардың жиі өтуі – қашан болсын жақсы нәрсе. Тіпті қазір әлемде болып жатқан оқиғаларға қарайтын болсақ, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының елімізге алғыс айту күнінде келіп, біздің халықаралық аренада жасап жатқан әрекеттерімізге алғыс айтқаны – қымбат дүние. Ол дегеніміз – біздің елдің әрекеттері басты назарда тұр. Біздің саяси «профитіміздің» әлемдік аренада жақсы деңгейде екенін байқатады. Сөзсіз, біздің елде жасалып жатқан өзгерістерге баға беруі де мен үшін ерекше көрінді. Шынымен, бізде жасалып жатқан өзгерістерге, саяси реформаларға алпауыт мемлекет тарапынан оң баға берілуі – дұрыс бағытта келе жатқанымыздың айғағы. Әрине, ол мемлекетте бұндай өзгерістер әлдеқашан болды, әлі де жалғасып жатыр. Біз бұл жолды енді бастап жатырмыз. Бірақ сонда да жасайтынымыз көп. Осыған дейін жасағанымызға баға алып жатқанымыз жаман емес.

Бұл еліміздің дипломатиясының деңгейін көрсетеді. Өйткені қазіргі заманда әлемде мейірімділіктің тілі емес, қарудың тілі өкінішке орай трендте болып тұр. Сондықтан осындай жағдайда еліміздің ұстанымы мен әрекеттері жақсы деп ойлаймын. Бізге бір нәрсені түсіну керек. Біздің ең басты құндылығымыз – тәуелсіздігіміз. Бұл тәуелсіздікке қазақ зиялылары, мықтылары ғасырлар бойы келеміз деп армандаған. Ақыры біз келгеннен кейін, осы дүниеге қол жеткізген соң басты құндылығымызды сақтауымыз керек. Осы құндылығымыздан айырылмаудың әрекетін жасауымыз керек.

- Сыртқы саясатымызға Президентіміздің қосқан үлесі қандай?

Президенттің бұл дипломатиялық қарым-қатынастағы үлесі зор. Қазір демократиялық елдерде дипломатия тілі ерекше бағаға ие болып тұр. Сондықтан жан-жақтағы жанжалдарға қарап, шынымен де біздің елде дипломатиның жоғары деңгейде болғаны, оның тізгінін беделді дипломаттардың қолға алғаны қуантпай қоймайды. Оны бағалауымыз керек. Өйткені бұл біздің елімізді алдағы уақытта да жоғары жетістіктерге жетелейді деп ойлаймын.

-Ендігі кезекте еліміздегі ішкі сасатты сөз етсек. Соңғы уақытта қолға алынған реформалар халықтың тұрмысына қалай әсер етті?

Бұл мәселелерді көп талқылауға болады. Мәселен, референдумға дейін біз 4 пакет өзгерістерді қабылдадық. Олардың ішінде көптеген заңдар болды. Аталған заңдарда қарапайым халықтың күнделікті тұрмысына әсер ететін дүниелдер өте көп. Бірақ солардың бір түпкілікті түйіні маусым айында орын алған референдум болды. Мен үшін референдумда ең басты, ең қымбат бастамалардың бірі – жердің және жер қойнауының иесі халық деген бап. Өйткені бұған дейін көптеген мәселелер осыған қатысты туындаған болатын. Осы дүниені реттемейінше біз ауыл-аймақтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға қадам баса алмайтын едік. Қазір ауылдарды көп аралағандықтан, көп сұрақтардың ең бастысы, бірінші легінде тұрғаны — жайылым жерлер екенін байқадық. Жер иесі – халық деген жай ғана сөз емес. Оның артында көп дүние бар. Мұнда халықтың сол жердің пайдаланылуын қадағалауын айтуға болады. Бұл жерде халықтың белсенді әрекеті қажет. Ауыл болсын, қала болсын, халыққа белсенділікті арттыруға тура келеді. Біз осыған дейін белсенділік бойынша ақсап келдік. Тек белгілі бір бағыттағы жерлерді қайтару бағытында көптеген еңбек жасаған бірнеше азаматты атап өтуге болады. Жалпы осы бап логикалық тұрғыдан алдағы уақытта олигополияға қарсы, монополияға қарсы, латифундияға қарсы күрестің негізі болады. Ал ол негіз болған соң, осы баптың арқасында жасалатын өзгерістердің нәтижесі кез-келген ауылда тұратын халықтың жағдайын жақсартады деген сөз. Халық жер пайдалануды қадағалау арқылы, сол жерді пайдалануға мүмкіндік алу арқылы әл-ауқатын арттырады. Ауылға барсаң, мал бағатын жер жоқ. Халық назданып отыр. Мал бағайын десе, жер жоқ. Қорада асырау мүмкін емес. Бұл, әрине, ашынатын жағдайға алып келеді. Осы жағдайда ауылда тұратын азаматтардың жағдайын қалалықтармен теңестіреміз деген сөздердің естіген халық өзгерістердің барлығын жақсы қабылдайды.

- Ал халықтың тұрмысы қашан жақсарады?

Референдумда 33 бап өзгерді. Конституцияның бірден 3 бөлімі өзгерді. Бұл қарапайым тұрғындардың күнделікті тұрмысына әсер ететін дүниелер. Қазірден әсер етіп жатыр. Бірақ көп жағдайда тұрмыста оны байқамауымыз мүмкін. Бірақ сайып келгенде өзгерістер әкеледі. Біз қазір де түсіндіріп жүрміз. Мысалы, жергілікті бизнестің жауапкершілігі деген бар. Мысалы, бизнесмендер өз туған жеріне қаншалықты жанашыр? Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен барғанымызда Дайындық деген ауылға соқтық. Әдетте тұрғындардың жағдайын сұрағанда кейбір проблемалар болады. Ал Дайындықта жұрттың айтатыны жоқ. Өйткені ауылда проблема жоқ. Нақты сол Дайындық ауылын айтамын. Өйткені ауылдың жанашыры бар. Ол жол салған, келетін мамандарға үй салған. Үйлер орталық жылу құбырларына қосылған. Ауылда орталық жылу жүйесінің болғанын бірінші рет көрдім. Бұл азамат өзінің еліне жанашыр болып, халыққа қызмет, жұмыс берумен қатар, сол жердегі халықтың тұрмыс-тіршілігіне үлкен көмек беріп отыр. Меніңше, осындай адамдар көбірек болуы керек сияқты. Біз оларды қолдауымыз керек. Өйткені сондай жанашыр кісілердің арқасында ел дамуда. Ондай жанашыр азаматтар барлық ауылдарда бар. Бірақ мәселе оларға қандай жағдай бар дегенге тіреледі. Біз оларға жағдайларды жасадық па? Оларға осы реформалар алғышарт болады. Біз көп жағдайда дауыс берген дүниеміз ұмыт қалады, жазады да қоя салады деп ойлаймыз. Қазір ондай жағдай емес. Қазір кез-келген өзгеріс өмірдің белгілі-бір бөлігін өзгертуге алып келуі керек. Біз осыған келе жатырмыз. Осыған дейін жасадық, алда жасауымыз. Өйткені бұл біздің еліміз. Біздің тәуілсіздігіміз. Біздің еліміз жақсарса, бәріміз қуанамыз. Сондықтан реформаларды өз басым қолдаймын.

- Балаларға ұлттық қордан түскен табыстың бір бөлігінің аударылғанын қолдайсыз ба?

Кез-келген азамат өз балаларының болашағы жақсы болсын деп қалайды ғой. Бірақ көп жағдайда ол қаражатқа келіп тіреледі. Бұндай көмек те мен осыған дейін айтқан баптан шығып отыр. Егер халық жердің, жер қойнауының иесі болса, неге оның пайдасын көрмейді? Біз көп жылдар бойы неге елімізде Дубайдағыдай болмайды деп келдік? Біз де мұнайдың үстінде отырмыз. Шерхан Мұртаза кезінде алтын сандықтың үстінде жалаңбұт отырмыз деген еді. Міне өзгерістер осындай жадғайды өзгертеді. Ендігі кезекте балаларға есепшот ашып, халықтың жерінен сол балаларға пайда түсуі керек. Мүмкін бастапқы жағдайда сома аз болуы мүмкін. Бірақ біз осыған әрекет жасауымыздың өзі үлкен жұмыс. Біз баяғыдан айтып келетін дүниелер қазір іске асып жатыр. Бірақ бізге ол жұмыстардың қарқынын түсіріп алмау керек. Біз өзгерістердің, бастамалардың одан әрі дамуына жұмыс жасауымыз керек. Мен мұны қолдаймын. Балалардың 18-ге толғанда белгілі бір қаражатқа ие болатыны олар үшін болашаққа деген сенімді артады. Біздің уақытта, шыны керек, өзіне ғана сеніп жүрген жастар көп болды. Баспанасыз, тұрақты жұмыссыз болды. Тұрақты жұмыс болса да, жалақысы баспана алуға мүмкіндік бермеді. Сондай жағдайды өзгерту керек. Мағжанның «Мен жастарға сенемін» дегенін алсақ, жастар да мемлекетке сеніммен қарай бастайды. Бұндай әрекеттер олардың өмірлеріне әсер етеді. Реформаларды мен сол үшін қолдаймын.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Фотосурет ашық дереккөздерден алынған


Редакция

Публикации автора

Это важно для будущих граждан страны — Александра Суслова

Около 800 млн тенге заплатили казахстанцы за услуги психиатра

Только 53,2% домохозяйств в РК подключены к газу

Более 37 миллиардов тенге вывели казахстанцы из ЕНПФ за месяц

Президент Монголии Ухнаагийн Хурэлсух посетит Туркменистан

Бизнес Катара заинтересован в сотрудничестве с Узбекистаном

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 07.10.2024

Это важно для будущих граждан страны — Александра Суслова

ИНТЕРВЬЮ | 07.10.2024

Символ прогресса и развития

НОВОСТИ | 07.10.2024

Около 800 млн тенге заплатили казахстанцы за услуги психиатра

НОВОСТИ | 07.10.2024

Только 53,2% домохозяйств в РК подключены к газу

НОВОСТИ | 07.10.2024

Более 37 миллиардов тенге вывели казахстанцы из ЕНПФ за месяц

НОВОСТИ | 07.10.2024

Президент Монголии Ухнаагийн Хурэлсух посетит Туркменистан