Интервью

Бекнұр Қисықов: «Реформаның нәтижесі бірден бола қоймайды. Оның жемісін бірнеше жылдан соң көруіміз мүмкін»

Редакция

18.02.2023

Елімізде қабылданған реформалардың маңызы қандай? Бүгінде қай салаларға басымдық берілуде? Өзгерістердің нәтижесін қашан көруге болады? Тілшіміздің сауалдарына қоғам қайраткері саясаткер, Қазақстан франчайзинг қауымдастығының негізін салушы Бекнұр Қисықов жауап берді.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алға тартқан реформалардың ішінде қай тұсын атап өтер едіңіз?

- Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы үш жылда көптеген реформаларға бастама салды. Олардың барлығы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Солардың арасында экономикалық реформаларды атап өткім келеді. Көрші мемлекеттерде, ЕурАзЭк-ке кіретін Ресейде, Арменияда, Қырғыстанда – барлығында орын алған геосаяси проблемалалар біздің экономикаға, саудаға әсер етпей қоймады. Өйткені бізге тауарлардың 70 пайызға жуығы Ресейден келеді. Осы жағдайға байланысты біз басқа дәліздер арқылы экспорт пен импортты жүзеге асыру амалын таптық. Бұл нағыз сауда реформасы болды. Бүгінде мұнайды экспорттау үшін басқа мүмшкіншіліктер жасаудамыз. Бұл 2022 жылы өте өзекті мәселе болды. Аталған жұмыс әлі жалғасып, шешіліп жатыр.

Тағы бір айтатын дүние – кәсіпкерлердің салық мәселесі. Бизнес иелеріне көптеген жеңілдіктер жасалып келеді. 2020–2021 жылдары пандемия уақытына сәйкес келді. Осы кезде көптеген кәсіпкерлер бизнесін жоғалтып ала жаздады. Ресторан-кафелердің жартысына жуығы жабылып қалды. Осы кезде елімізде қолдау шаралары қолға алынды. Мысалы, шағын кәсіпкерлер кей салық түрлерінен босатылды. Биылдан қайта салық төлегенімен, оларды тексеруге мораторий жалғасуда. Осының арқасында кәсіпкерлер өз мүмкіндіктерін жақсартып, судың бетін де қалқып тұра алды.

Олигархия және монополияларға қатысты заңдар да қабылданды. Бұрын барлық қызмет, бизнес квазимемлекеттік ұйымдар арқылы бір жердер көрсетілді. Барлығы тек солардың қызметін алатын. Таза бәсекелестік болмады. Сондықтан демонополизация бастау алды. Бұл қызметтер ашық нарыққа беріле бастады. Осының нәтижесінде қызметтер мен тауардың сапасы артады, баға да төмендеуі мүмкін. Деолигархизация да жүзеге асырыла бастады. Бар байлықты бір-екі адамның ұстап тұрғаны дұрыс емес. Ол халықтың меншігі. Бұл бағытта жұмыс істеліп жатыр. Шетелге заңсыз кетіп қалған капиталды қайтару әрекеттері жасалып жатыр.

- Әлеуметті қолдауға бағытталған шараларға көңіліңіз тола ма?

- Бұл бағыттағы маңызды мәселе – әлеуметтік кодекстің қабылдануы. Ол – үлкен жұмыстың нәтижесі. Оны әзірлеуде барлық заң шығарушы органдар, сарапшылар жұмыс істеді. Бірнеше заң қабылданды, Арасында мүгедектерге, әйелдерге, көпбалалы аналарға бірқатар мүмкіншіліктер қарастырылыпты. Атап айтқанда грант, көмек, субсидия берілетін болатын. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің арасында Отбасы банкі арқылы мүмкіншілігі төмен стртаталарға үй берілуде. Бірақ ол әлі де жеткіліксіз. Өйткені экономикамыз әлі де қажетті деңгейде дамымаған. Бұл бағытта бірқатар сын айтылуда. Бірақ біздің мемлекетті тек Британи, Алмания сияқты елдермен салыстырмаған дұрыс. Кей елдермен салыстырғанда тегін медицина, зейнетақымен қамту жағынан бірқатар артықшылықтарымыз бар.

Тағы бір реформа – әлеуметтік саланың қызметкерлерін қолдау күшейді. Дәрігерлердің жалақысы артып, жағдайы жақсарды. Пандемияның кезінде медицинадағы проблемалар анық байқалды. Дәрігерлер, денсаулық сақтау мекемелері жетіспеді. Сол кезде арнайы заң қабылданып, тиісті шешімдер шығарылды. Мұғалімдердің де жалақысы артты. Осы екі кластың жалақылары бұрыннан төмен болған еді. Осының салдарынан бұл салалардан нағыз мамандар кетіп жатты. Енді жоғары білімді әрі білікті мамандар қайтып келуде. Педагог статусы туралы заң қабылданды. Ұстаздар бұрынғы есеп-қисаптан босатылды. Дәрігер емдейді, ал мұғалім сабақ бере бастады. Жалпы осы мамандардың дәрежесі көтерілгенін атап өткім келеді.

- Отандық тауарөндірушілерді қолдау туралы, олардың мемлекеттік сатып алуларға қатыса алмайтыны жайлы не айтасыз?

- Бүгінде біраз кәсіпорындар мемлекеттік тапсырысқа кіре алмай отыр. Өйткені көпшілігі тауарды Қытайдан әкеліп, оны өз тауары ретінде ұсынады. Яғни бізде әлі шынайы кәсіпорындар жоқ. «Самрұқ-қазына» жергілікті тауар өндірушілерден сатып алғысы келгенімен, ондай қызмет не тауар бізде болмауы немесе шығарылмауы мүмкін. Бұл мәселеге бірнеше жыл бұрын қабылданған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы көмектесуі тиіс болатын. Оның негізінде қолымыздан келетін өндірістерді іске қосу қарастырылды. Ұсақ-түйек заттың барлығын Ресей не Қытайдан әкеліп жүрміз. Ал оны өзімізде жасап, шығаруға болады. Бірақ бұл реформаның нәтижесі бірден бола қоймайды. Оның жемісін бірнеше жылдан соң көруіміз мүмкін. Тіпті ондаған жылдарға созылуы мүмкін, сондықтан күтуіміз керек. Алдымен зауыт салып, өндірісті бастау керек. Әзірге бағдарлама жарияланды. Оған қадам жасалды. Бұған қоса кәсіпкерлерге қолдау қажет. Мысалы, стандарт, ГОСТ-қа сәйкестендіру оңай емес. Оған мемлекет көмектесуі қажет. Самрұқтың мақсаты - осындай өндірістерді шығару, көмектесу, өсіру. Сол кезде бұл кәсіпоркелер Самрұқтык жеткізушісі бола алады. Біздің кәсіпкерлер оған әлі дайын емес. Өйткені нарық 70–80 пайыз шетелдік өнімге тәуелді. Елімізде негізінен сату-сатып алу бизнесі дамыған. Өйткені осыған дейін бірқатар қателіктер жасалды — индустриямызды дамытуға мән берген жоқпыз.

- Реформалардың алғашқы нәтижелері көрініп жатыр ма?

- Нәтижені бірнеше жылдан кейін байқауға болады. Бірақ қазір жылдам нәтижелерін көре аламыз. Мәселен, салық бойынша жасалған преференциялардың әсерінен шағын кәсіпкерліктердің саны еселеп артты. Өзіміздің бірқатар кәсіпорындар ашылып жатыр. Оған Ресейдегі жағдай да әсер етуі мүмкін. Жалпы бұл реформалардың, ашық экономиканың және геосаяси жағдайдың нәтижесі деп айтуға болады. Қазір кәсіпкерлерді қыспаққа алуға болмайды. Оларға керісінше қолдау көрсетіп, өсіру қажет. Бизнеске деген көзқарас біртіндеп өзгеріп келе жатыр. Кәсіпкерлік көбейсе, өндіріс артады. Оларға қысым жасамай өсірсе, алдағы уақытта оң әсерін байқауға болады. Кемінде 5 жылда осы бағытта қозғалсақ, кедергі келтірмесек, кәсіпкерлер елімізге қажет тауарлардың барлығын шығаратын болады.

- Кезінде заңсыз шығарылып, алда елге қайтарылатын қаражатты қайда бағыттау керек?

- Бұл бастама туралы да айтып өту керек. Шетелге заңсыз шығарылған қаражатты міндетті түрде қайтарған дұрыс. Егер ол халықтың дүниесі болса, ол елге қайтарылып, экономикаға жұмыс істеуі керек. Мені бұл қаржынының әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыталатыны қуантады. Бізде әлі де мектептер жетіспейді.

Сондықтан қаражатты мектеп салуға бағыттаса, өте жақсы болар еді. Қалаларда, Алматыда білім беру ошақтарының проблемасы өзекті болып тұр. Қанша ақша шыққаны, оның ішінде қаншасы заңсыз шығарылғаны белгісіз. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Қалай жүзеге асатынын әлі білмейміз. Өйткені шет елдермен келіссөздер жүргізіп, келісімге келу керек. Оған да уақыт қажет. Оның бір жылда шешілуі екіталай. Бізде басқа да әлеуметтік мәселелер баршылық. Кей жерлерде ауруханалар, кей жерде балабақша, әлеуметтік инфрақұрылым жетпей жатады. Соның бәріне қаржы керек. Шетелден қайтарылған капитал болса, оны осы мақсаттарда жұмсаса, жақсы болар еді. Оның мақсатты жұмсалуы да қоғамдық бақылауда болады. Ол үшін арнайы комиссия өкілдері ақылдасып, бірге шешуі керек.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Фотосурет ашық дереккөздерден алынған


Редакция

Публикации автора

Инфляция ускорилась до 8,5% — Нацбанк РК

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

Львенка пытались продать в Шымкенте

Экстрадированному из РФ казахстанцу грозит пожизненное

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

Инфляция ускорилась до 8,5% — Нацбанк РК

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте

НОВОСТИ | 21.11.2024

Экстрадированному из РФ казахстанцу грозит пожизненное