Бірақ бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтай отырып, қажетті реформалар жүргізу үшін белгілісінен әлі де жасырыны басым мемлекетке төнген қауіп-қатерлер жағдайында ел басқаруға тура келеді. Ақпараттық дәуірі бірқатар ақпараттық наразылықтарды анықтады. Коммуникация бұқаралық наразылық пен қоғамның өзін-өзі ұйымдастыруының ең тиімді құралына айналады. Өкінішке орай, ақпараттық фактор 2022 жылдың басында орын алған мемлекеттік төңкеріс қастандығын жүзеге асыруда үлкен рөл ойнады. Бірақ терроризм қаупі сейілгеннен кейін оның салмақты салдары мемлекеттік органдарға тиіп отыр. Қару-жарақ асынған қылмыскерлер мен қарақшылардың орнына одан да қауіпті топ – ақпараттық манипуляцияны қару еткен басқа түрдегі бандылар келді.
Қазақстан Президенті ақпаратқа қанық және халыққа шынайылықты айту қажеттігін толық түсінетін тұлға ретінде барлық процесстердің, соның ішінде қаңтар қасіретіне қатысты тергеулердің ашық әрі айқын болу жолын таңдады. Ол ақпарат саласындағы еркіндікке сенім артып, теріс пиғылдылар жапқан жалалары мен өзіне тағылған сыни пікірлерден еш қорықпайтынын көрсетті.
Сондықтан Президент пен ол жариялаған жаңа бағытқа қарсы басталған ақпараттық соғыстың тәсілдері барынша лас болады деп болжануда. Біріншіден, бұл теріс ақпарат, фейк, орынсыз сын мен түрлі арандатулар. Бұл, әрине, өз кезегінде елеулі тәуекелді әрекеттерді талап етеді. Біріншіден, ақпараттық салада боямасыз нақты тәртіп орнатуға тура келеді. Бұл жерде халықаралық құқыққа немесе БАҚ туралы заңды либерализациялауға қайшы әрекет етудің қажеті жоқ. Олай жасау азды-көпті билікке жақ болып жүрген баспасөз өкілдерінің ғана емес, ақпарат кеңістігіндегі белсенді азаматтардың да наразылығына ұшырауы мүмкін. Әсіресе, соңғы оқиғалардан кейін қазақстандықтар арасында ондайлардың қатарының айтарлықтай артқанына күмән жоқ.
Шымылдық сыртында және шет елдерде тұрған көптеген ойыншылар үшін тұрақсыздық пен анархия "ойында қалудың" жалғыз жолы.Сондықтан да олар қолдан келгенше қоғамдық пікірді өзгертуге, жағдайды тұрақсыздандыруға тырысатын болады. Әбілязов сияқтыларға Қазақстандағы оқиғалар мен Президент Тоқаевтың жеңісі үлкен саяси залал келтірді. Бірінші кезекте, Франциядағы қашқынның кейбір жақтастары өздерінің үлкен ойындағы жай қуыршақ болғанын, Әбілязовтың ештеңеге қауқары жоқ бөтен біреулердің басқаруындағы қолбала екендігіне көз жеткізді.
Бүгіннің өзінде Президенттің жақындарының қандай да бір активтерге ие екендігі туралы жазып, азаматтардың санасына "Тоқаевтың отбасы" деген терминді сіңіруге тырысып жатқан анонимді ақпараттық арналарды байқап отырмыз. Президенттің кез-келген бастамасы, тіпті халық көңілінен шыққан ең дұрыс ұсыныстары да орынсыз сын мен ақпараттық шабуылдарға ұшырауда. Мысалы, "Қазақстан халқына" қоры құрылтайшыларының құрамы, қамқоршылық кеңес, немесе утильжинақ алымы мәселелері осы қатардан.
Қазақстан Президентінің бұндай шабуылдарға төтеп берер күш-жігері мен даналығы, өкілеттігі мен ақыл-парасаты жеткілікті екеніне еш күмән жоқ. Бірақ Тоқаевқа қарсы басталған ақпараттық соғыс ауқымы саяси сауаты бар адам үшін де нақты ақиқатты табуға кедергі келтіреді. Президентке мысықтілеу қанша жаннның бар екенін ойлап көріңіз...
Бірінші, кезекте әрине кек алушылар кезінде заңсыз байып, елеулі саяси ықпалға ие болған, ал қазір осы артықшылықтардан айырылып қалғандар.
Екіншісі, заңсыз жиған-тергендерінің бір бөлігін мемлекетке қайтаруға мәжбүр болған ірі олигополия ойыншылары.
Келесі топ – саясатты ойныншық көретін қашқын қылмыскерлер мен ұрылар.
Төртінші, шет елдерден алатын қаржылары үшін оларға есеп беретін үкіметтік емес ұйымдар.
Бесіншіден, саяси танымалдыққа арзан айқай-шу арқылы жеткісі келетін алаяқтар мен бопсалаушылар.
Алтыншы, үйренген ескі әдетпен, қомақты қаржы мен өздерін келісімге келуге шақыруды күтетін, айналасын негізсіз сынға алуға құмар журналистер.
Жетінші...
Бұл тізімді ары қарай да жалғастыра беруге болады. Бірақ, олардың санаттары мен уәждері, әрекеттері мен ресурстары туралы біз алдағы материалдарда толық жазатын боламыз. Бұл мысалдар оқырмандарға Президент Тоқаевтың жүргізіп отырған адал әрі ашық саясатына қарсы әр түрлі ресурстар арқылы елді шатастырып жатқан ақпараттық соғыстың ауқымын көрсету үшін ұсынылды. Ол елге демократиялық процестерді енгізу арқылы қатаң шараларды көрсетеді. Бірақ көптеген байларға «жаңа Қазақстан» қажет емес – олар әулет аралық некелік одақ құру арқылы өздерін таңдаулылар санап, қоғамға масыл болуға үйреніп қалғандар. Сондықтан олар барлық ресурстарын Тоқаевты халықтық қолдаудан айырып, оның барлық шараларын, жетістіктері мен реформаларын барынша теріс көрсетіп, өздерінің арықшылықтарын сақтап қалуға пайдаланатын болады.
Сондықтан, қаза болғандарды қалқан қылып, жалған ақпарат пен арандатуларды ұйымдастыратын алдағы арсыз ойындардың ауқымын елестете беруге болады. Бұл жерде, ақиқатты жала жабулар мен күйе жағулардан аршып ала білу өте маңызды. Стивен Кинг айтқандай: «жазықсыздардың сеніміне кіру – өтірікшінің ең басты қаруы». Өкінішке орай, бүгінде біздің елде өтірікшілердің қатары өте көп.
Фотосурет ашық көздерден алынды