Интервью

Айгерім Құсайынқызы: «30% квотадан әйелдер де, ерлер де, жалпы қоғам ұтады»

Редакция

09.03.2023

Әйелдерге 30% квота беру қажет пе? Одан не ұтамыз? Қазақстандағы әйелдердің саясаттағы үлесі қандай? Бұл жайлы қоғам белсендісі Айгерім Құсайынқызы өз ойларымен бөлісті.

-Мемлекет басшысының қай реформасын атап өтер едіңіз?

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың желтоқсанында сайлана салысымен саяси партиялардың тізімінде әйелдердің үлесі міндетті түрде 30 пайыз болуы керек деп талап еткен болатын. Ол көп адамдар ойлағандай дискриминация емес. Ол әйелдерді саясатқа тартуға оң әсер ететін саяси шешімдердің бірі болып табылады. Бұл шешім тек біздің заңгерлердің, Президенттің ұсынысы емес. Бұл ұсынысты БҰҰ Қазақстанға 2006 жылдан бері айтып келе жатыр. Бұл 30 пайыздық меже «Отбасы және Гендерлік саясат» жөніндегі стратегияның ішіне кіргізіліп, ҚР оған 2006-2016 жылдар аралығында жетуі тиіс еді. Алайда 30 пайыздық үлеске 2016 жылы жеткізген жоқпыз. Ол межені 2030 жылға дейін созып қойдық. Қазақстанда гендерлік-отбасылық саясат концепциясы бойынша 2025 жылы әйелдердің үлесі 25 пайыз, ал 2030 жылы 30 пайыз болуы қажет.

-Бұндай өзгерістер біздің елге ғана қатысты ма? Бұл біз үшін жаңашылдық па?

Бұндай стратегияны көптеген мемлекеттер қолдайды. Қазақстан – соның бірі. Әрине әйелдерге қатысты гендерлік саясатты жүргізуін алсақ, ТМД мемлекеттерінің арасында және Орта Азияда еліміз көшбасшылардың бірі болып табылады. Өйткені Қазақстанда 1996 жылдан бері гендерлік саясатқа басымдық беріліп, Президент жанындағы Ұлттық комиссия құрылған болатын. Бірақ осынша жылдар бойы Қазақстан гендерлік саясаттан қандай көрсеткішке қол жеткізді дегенде, негізінен әйелдердің саясаттағы үлесін айтамыз. Көптеген зерттеушілер бірқатар рейтингтерге сілтеме жасайды. Солардың бірі – халықаралық экономикалық форум өткізетін «Gender Gap»-те әйелдердің экономиканың төрт саласына қатысуы – білім беру, денсаулық, экономика және саясатқа араласуын есепке алады. Өкінішке орай, Қазақстан әйелдердің саясатқа араласуы бойынша ең төмен көрсеткіш көрсетіп отыр. 2022 жылы еліміз осы рейтингте 145 мемлекеттің ішінде 65-орынды иеленді. Ал бір жыл бұрын 80-орында болған еді. Бір жылда 15 мемлекетті секіріп өткеніміз жақсы. Дегенмен әлі де әйелдердің саясатқа араласуы бойынша Қазақстан 103-орынды иеленіп отыр. Себебі Мәжілістегі әйелдердің үлесі 27 пайыз ғана. Атқарушы билікте 2 әйел министр бар. Бірде-бір әкім әйел жоқ. Сенаттағы әйелдердің үлесі 10 пайыз. Яғни 30 пайыздық межеге жету бойынша Мемлекеттің алдында тұрған жұмыстар өте көп.

-Қоғамда әйелдерге қарастырылған осы квота бойынша көзқарас қандай?

Әрине, әйелдерге арналған 30 пайыздық жеңілдіктің қажеттілігі көп дау туғызды. Бұндай квоталар бірқатар мемлекеттерде бар. Мәселен, БҰҰ кіретін 193 елдің 130-ында бар. Бұған не әсер етті? Әйелдердің сайлау құқығын алсақ, ең алғаш рет әйелдерге сайлау құқығы 1893 жылы Жаңа Зеландияда берілген болатын. Қазақстандық әйелдер, салысырмалы түрде, 1920 жылы ғана сайлау құқығын алды. Осыдан шамамен 100 жыл бұрын. Осы жүз жылда не өзгерді? Әйелдердің саяаттағы үлесі әлі де төмен. Өйткені саясат – ғасырлар бойы ерлердің ісі, ал әйелдердің ісі – отбасы, ошақ қасы, бала тәрбиесі. Саясат – бас ауыртатын, күрлері іс, сен оған барғанша ас үйге барған дұрыс деген ойлар болды. Сондықтан, мемлекет оларды қолдамаса, квота бермесе, біз әлі де дамыған мемлекеттердің қатарына кіре алмаймыз. Себебі олардың қатарына кіру үшін Қазақстанның стратегиялық бағдарламасындағы барлық көрсеткіш бойынша гендердің теңдікке қол жеткізуіміз керек. Бұндай квотасыз қол жеткізудің уақытын тағы созып аламыз. Кейбір ер депутаттар бұл ерлерге қарсы жазылған дискриминация деп есептейді. Оның жынысы әйел болған үшін, саясаттан хабары болмаса, оны түсінбесе, неліктен оны Мәжілістегі бір мандаттық орынға алу керек деген пікірлерін білдіруде. Бірақ бұл басым пікір емес. Әлем бойынша басым пікір – әйелдердің саясатқа араласуы ерлерге қарағанда кеш басталғандықтан, оларды қолдау керек, оларға материалдық, қоғамдық, әлеумеметтік стереотиптермен күресте көмек керек. Ерлер саясатпен қашаннан айналысып жүр? Антикалық заманнан бері айналысып келеді? Ал әйелдер соңғы жүз жылда ғана билікке араласа бастады. Әрине, бұрын бастап кеткен спринтерлерге әйелдер ортадан қосылған кезде, оларға сырттан қолдау міндетті түре қажет. Сол үшін квота ерлердің құқығына қарсы шара емес, керісінше бұл квотадан әйелдер де, ерлер де, жалпы қоғам ұтады. Гендерлік квотаны ең алғашқы болып батыс Еуропалық елдер – Франция, Норвегия, кейін Аргентина енгізді, көршіміз Қырғызстан оларға 2014 жылы қосылды. Америкада «Эмили тізімі» деп аталатын программа бар. Ол бағдарламаға сәйкес, егер Сіз әйел болсаңыз, саяси партия ашып, саясатқа қатысқыңыз келсе, мелмекет сізге материалдық көмек көрсетеді, шығындарыңызды өтейді. Канадада сіз саясатпен айалыссаңыз, саясатпен айналысқан уақытта үйдегі өзге отбасылық шығындарыңызды мемлекет өтеп береді. Грузияда сіздің саяси партияңыздың 30 пайызы әйелдер болса, мемлекет сол партияның қаржыландыруын арттырады. Сонда әйелдерді мотивацияландырудың, ынталандырудың жолдары өте көп.

-Әйелдердің саясатта болуы несімен маңызы?

Мәжілістегі әйел депутаттардың үлесі аз болса, әйелдерге қатысты заң қабылданған кезде олардың үні, қажеттілігі мүлдем естілмейді. Ақордада көпбалалы аналар неліктен Президентке жиі барып, шағымданады? Неліктен елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жоқ? Қазақстанда қыз алып қашу неліктен адам ұрлаумен бірдей емес? Себебі осы заңды қабылдаған кезде әйелдердің үні, әйелдердің басынан өткен өмірлік тәжірибелері мен жан айқайлары естілмеді. Сол үшін Мәжілісте 30 пайыздық квота болса, барлығына тиімді болады. Әлеуметтік тұрғыдан әділетті, жесірін жылатпаған, жетімін қаңғыртпаған қоғамға ораламыз деп ойлаймыз. Алда болатын сайлауда меніңше әйелдер көбірек болады. Соңғы Президент сайлауында да 2022 жылы 2 кандидат әйел болды. Оның өзі саясат әйелдердің ісі екенін, әйелдер де саясатпен айналыса алады дегенді білдіреді. Олар мемлекеттің саясатын жетілдіруге, одан әрі дамтуға үлесін қосады. Бұл квота Қазақстанда міндетті болып табылады. Қазақстан осы квота арқылы дамыған мемлекеттер қатарына қосылуға жақындайды.

-Әйелдер саясатқа келсе, жалпы қоғам ұтады дегіңіз келеді ғой?

Бұған байланысты көптеген зерттеулер жасалған. Билікте саясаткер әйелдер болса, не өзгереді? Ковид кезінде оны тез жеңіп шыққан елдердің қатарында Финляндия, Норвегия, Жаңа Зеландия болды. Ол мемлекеттердің басшылары – әйелдер. Егер топ менеджментте кризис кезінде әйелдер болса, олар шешімді басқаша қабылдайтыны да дәлелденген. Кейбірі ғасырлар бойы әйелдерге елді басқаруға болмайды, байтал шауып бәйге алмас, олар эмоционалды келеді, олар ақылға емес жүрекке сенеді деген стереотиптермен келді. Егер әйелдер басшы болса, барлығын ойлайды. Ана ретінде балалардың жағдайын жақсы түсінеді, әйелдердің де, ерлердің қажеттіліктерін жақсы түсінгендіктен, олар тек ерге тиімді заңды емес, бүкіл қоғам мүшелеріне тиімді заңды қабылдай алады. Бұндай тәжірибе дәлелденген. Бұған дауласудың қажеті жоқ. Кейбір ерлер саясатқа әйелде келсе, өте эмоционалды болғандықтан, соғыс ашып жібереді немесе соғыс болған кезде бізге тиімсіз шешім шығарады деп ойлайды. Бірақ ойлай еместігін көптеген мемлекеттердің тәжірибесіне сүйеніп айтуға болады. Әйелдердер басшы болған елдердің экономикасы қандай? Ер адам басшы болған елдердің экономикасынан асып түспесе, кем емес. Себебі әйелдердер Парламентке көбірек қатысса, шешімдері жақсы болады. Мысалы, Руанда әлемдегі әйелдердің саясатқа қатысуы бойынша үздік үштікке кіреді. Оған Руандада 1994 жылы орын алған геноцид себепкер. Ерлердің аздығына байланысты әйелдер Парламентке келді – 60 пайызы әйелдер. Олар мәжбүрлі түрде келді. Әйелдерді тартайық, гендерлік теңдік жасау үшін келген жоқ. Олардың саясат жүргізу әдісі де мүлде бөлек.

-Сұхбатыңызға рахмет!

А.Құсайынқызының жеке мұрағатынан


Редакция

Публикации автора

Казахстанцы бьют рекорды в потреблении сосисок

Продажи жилья выросли почти на четверть в Казахстане

В ДУМК напомнили верующим о правилах намаза

Пять трансграничных хабов появятся в Казахстане

Нацбанк данных в сфере экологии создан в Казахстане

Стратегическая объездная дорога открыта на юге Кыргызстана

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 10.12.2024

Казахстанцы бьют рекорды в потреблении сосисок

НОВОСТИ | 10.12.2024

Продажи жилья выросли почти на четверть в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

В ДУМК напомнили верующим о правилах намаза

НОВОСТИ | 10.12.2024

Пять трансграничных хабов появятся в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Нацбанк данных в сфере экологии создан в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Стратегическая объездная дорога открыта на юге Кыргызстана