Новости

Қажырлы еңбекке — лайықты сый-құрмет

Редакция

30.10.2024

«Қазақстан халық жазушысы» және «Қазақстанның халық әртісі» атақтары 25-30 жыл үзілістен кейін өткен жылдан бері қайта тағайындала бастады

Биыл да бұл мәртебелі марапаттар еліміздің әлеуметі мен экономикасына, ғылым-біліміне, өнері мен мәдениетіне елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға берілді. Республика күнін мерекелеу аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Биылғы марапаттауларда қарапайым жұмысшылардың мәртебесін көтеруге, еңбек әулеттерінің қоғамдағы абыройын арттыруға ерекше мән берілді. Жоғары құрметке ие болған отандастарымыздың арасында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушы мен еріктілер бар.

Майра Мұхамедқызы, Шымкент қалалық Опера және балет театрының директоры:

— Азды-көпті еңбегіңді мемлекет тарапынан елеп жатса, әрине, риза боласың. Мұның бәрі еліміздің егемен ел болғандығының арқасы деп білемін. Республика күнінде еліміздің айтулы азаматтары биік марапатқа ие болып жатқанына шүкір дейміз. Барша әріптестеріме құтты болсын!

Лидия Кәденова, Қазақстан Республикасының халық әртісі:

— Бұл марапат мен үшін ерекше уақытында бұйырды. Мен мұны еліміздің дамуына аянбай қызмет еткен азаматтарға көрсетілген құрмет деп есептеймін. 30 жыл мораторийге ұшыраған атақтың қайта беріле бастауы көңіл қуантады. Биыл мәдениет саласында еңбек еткендер арасында лайықтылар марапатқа ие болды. Бұл атақты жаңғыртқан Президентімізге үлкен алғыс білдіремін. Ұзақ жылдық еңбегімнің бағалануы алға ұмтылуға себеп болады. Өзімді бағалап жүрген халқыма шексіз ризамын.

Асқар Жұмаділдаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті:

— Мен бұл марапатты ғалымдарға көрсетілген құрмет деп білемін. Мұндай атақ – еңбектің жемісі әрі жауапкершілік. Біз, отандық ғалымдар, алдағы уақытта бұрынғыдан да қарқынды жұмыс істеуіміз қажет.

Темірхан Медетбек, Қазақстанның халық жазушысы:

— Маған «Қазақстанның халық жазушысы» атағын беріп жатқанына рақмет айтамын. Республика күні мерекесін биыл үшінші рет атап өтудеміз, әрі Республика күнін қайтару туралы шешім өте орынды деп санаймын. Бұл күн — егемендік декларациясы қабылданған тарихи дата ретінде маңызды.

Фото из открытых источников


Редакция

Публикации автора

Обзор сервисов родительского контроля в интернете

Умные очки на основе ИИ разработали школьники в Атырау

25 800 тенге: отца подростка-агрессора наказали в Костанайской области

Аренда в Астане: первый спад цен за 18 месяцев

Символизм стихии: ураган уничтожил памятник Ленину в Павлодаре

Более 4 миллионов казахстанцев заняты в сфере бизнеса

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 08.11.2024

Обзор сервисов родительского контроля в интернете

НОВОСТИ | 08.11.2024

Умные очки на основе ИИ разработали школьники в Атырау

НОВОСТИ | 08.11.2024

25 800 тенге: отца подростка-агрессора наказали в Костанайской области

НОВОСТИ | 08.11.2024

Аренда в Астане: первый спад цен за 18 месяцев

НОВОСТИ | 08.11.2024

Символизм стихии: ураган уничтожил памятник Ленину в Павлодаре

НОВОСТИ | 08.11.2024

Более 4 миллионов казахстанцев заняты в сфере бизнеса