22.08.2022 3763

Сарапшылар пікірі: Қырғызстанда маңызды жобаларды іске қосу – еркін жұмыс күшін жоюға мүмкіндік береді


Әлеуметтік шиеленістер мен саяси тұрақсыздық қауіптері кедейлік деңгейі жоғары елдерде шетін мәселеге айнлып барады. Халықаралық сарапшылар табыс деңгейі орташа кедейлік шегінен жоғары елдердегі кедейлік көрсеткішін күніне 5,5 доллары, ал табыс деңгейі орташа деңгейден төмен елдер үшін – 3,2. доллар мөлшерінде белгілеген.

Орталық Азияда бірінші топқа – Қазақстан, ал екіншісіне – Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері кіреді. Қырғызстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі айына 6 268 сом (шамамен 75 АҚШ доллары). COVID-19 өршуі мен шекаралардың жабылуы, саяси тұрақсыздық бұл елдегі әлеуметтік және экономикалық жағдайға кері әсер етті.

Қырғызстанға тән жүйелі проблемалардың бірі – сырттан келетін  шетелдік көмекке деген зор тәуелділігі. Әлемдік дағдарыс жағдайында бұл – ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік қауіптердің өсуіне алып келеді. Қырғызстанның қаржы Министрлігінің дерегіне сәйкес, 2021 жылдың соңында мемлекеттің ішкі және сыртқы қарызы – 5 млрд 147.22 млн долларды құраған, ал бұл ЖІӨ-нің 60,33%-на тең. Дегенмен Қырғызстан үкіметі сырттан қарыз алу мен шетелдік донорлардан қаржылық көмек қабылдай отырып кредиттік портфель мөлшерін белсенді түрде өсіруде. Атап айтқанда, дүниежүзілік банктен – 300 млн астам доллар, Халықаралық Валюта Қорынан – 210 млн доллар, Азия даму банкінен – 200 млн доллар, Еуразиялық банктен – 160 млн және Қытайдан – 154 млн доллар алған. Сондай-ақ, Ресей Федерациясынан – 10 миллион, ЕО-дан – 19,4 миллион доллар көлемінде көмек алынды.

Пандемия теңсіздіктің өсуіне түрткі болды. 2020 жылы қырғызстандықтардың көпшілігі жинақ ақшаларын құртып, жұмыстары мен бизнестерінен айырылды. Бұл әрине өз кезегінде кедейліктің өсуіне әсер етті. Әсіресе, ресми емес жұмыспен қамту секторындағы халықтың бір бөлігі, атап айтқанда уақытша жұмыс істейтін және тұрақты табысы жоқ азаматтар қатты зардап шекті. 2020-2021 жылдары кедейлік көрсеткіші 2010 жылдың көрсеткіш деңгейіне дейін жетті. Ұлттық статистика комитетінің дерегі бойынша 2021 жылдың соңында 6 687 835 адам тұратын Қырғызстандағы кедейлік деңгейі 33,3% құрады. Яғни бұл 2,2 млн Қырғызстанның кедейлік шегінен төмен өмір сүретінін білдіреді және бұл орташа көрсеткіш.

Әлемде урбанизация процесінің өсуіне қарамастан, Қырғызстан халқының үштен екісі кедейлік ошақтары болып саналатын ауылдық жерлерде тұрады. Мысалы, Баткен, Жалал-Абад және Нарын облыстарында халықтың шамамен 35% кедейлік шегінен төмен тұрады. Бұның бір себебі – урбанизация орталықтарымен интеграцияның болмауына байланысты. Қырғызстан Республикасының шалғай аудандары үшін кедейлік деңгейі                40%-дан жоғары. Қазір Қырғызстандағы жалпы табыстың шамамен 50%-ын азаматтардың 20%-ы жасайды. Айқын әлеуметтік салдарға әкелуі мүмкін болғандықтан тұрмыс деңгейіндегі айырмашылықтың өсуі назар аударуды қажет етеді. Мұны дамыған елдердің тәжірибесі мысалынан көруге болады. Бай және кедей тап арасындағы алшақтық ұлғайған кезде және олардың арасында буфер болатын орта тап деңгейі болмағанда ішкі әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей қауіп төнеді. Бұл жағдайда саяси дағдарыстардың, төңкерістердің ықтималдығы туралы қорытынды жасауға болады.

Қырғыз Республикасындағы әлеуметтік саясат ең осал топтардың қажеттіліктерін толық көрсете алмайды. Қырғызстандағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 5-6%-дан аспайды, бірақ 15-28 жас аралығындағы жастар ең осал топқа жатады. Жас әйелдер арасындағы жұмыссыздық ерлер арасындағы көрсеткіштен жоғары. Жұмыспен қамту деңгейіндегі ең үлкен гендерлік алшақтық 25-34 жастағы ерлер мен әйелдер санатында тіркеледі. Бұл ретте, 25-29 жас аралығындағы ерлердің жұмыспен қамтылу деңгейі 84% әйелдердің жұмыспен қамтылу деңгейі 44% болса, 30-34 жас аралығындағы ерлер 90%, ал әйелдердің – 49% құрайды. Қырғызстанда шамамен 750 000 бала кедейшілікте өмір сүреді – бұл елдегі балалардың 32% құрайды. Балалар кедейлігінің деңгейі 40%-дан асады. Құжат рәсімдеудегі әкімшілік кедергілер мен кемшіліктердге байланысты аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алу мүмкіндігі жиі бұзылады. Бұған қоса, жәрдемақы мөлшері балалардың кедейлігін азайту үшін жеткіліксіз.

Таяу арада Қырғызстанда маңызды жобаларды іске қосу ғана еркін жұмыс күшін жоюға мүмкіндік береді. Жолдарды, бөгеттерді, қосалқы станцияларды, тоннельдерді және т.б. салу сияқты жобаларды қайта іске қосу оң әсер етуі тиіс. Экономиканы көтеру үшін тұрғын үй құрылысын жандандыру да оң нәтиже берер еді. Бұл жаңадан жұмыс орындарын құрып, сұранысты арттыруға сеп болады. Сондай-ақ, Қырғызстанға жұмыс күшін жеткізуші ретінде шетелде сұранысқа ие мамандарды даярлау маңызды. Бұл әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін қажет. Ол үшін кәсіптік-техникалық училищелерді жедел қарқынмен қайтару қажет. Дайындалған мамандар бәсекелестік ортада сұранысқа ие болады. Еңбек көші-қон қозғалыстарын әртараптандыру пайдалы болуы мүмкін. Қырғыз еңбек мигранттарықабылдаушы елдер қатарында – Оңтүстік Корея, Түркия, Жапония, БАӘ және т. б. болуы мүмкін.

Дегенмен, жалпы ахуалдың жақсаруына деген болжам әлі әлсіз. Экономикасы сыртқы жағдайға өте тәуелді елдерде ішкі ресурстарды тез жандандыруға мүмкіндік жоқ. Сондықтан әлемдік қақтығыстар саябырсығанша Қырғызстандағы кедейлік өсе береді. Болжам бойынша, биылғы жыл соңына қарай ол шамамен 38% құрайды. Яғни, бұл жыл соңына қарай 2,6 млн қырғызстандық кедейлік шегінен де төмен түсуі мүмкін дегенді білдіреді.

«Еуразиялық мониторинг» ОТИ талдау қызметі

Дереккөз:

https://knews.kg/2022/08/18/ekspertnoe-mnenie-zapusk-sereznyh-proektov-v-kyrgyzstane-pozvolit-utilizirovat-svobodnuyu-rabochuyu-silu/